Халықаралық мүгедектердің құқықтарын қорғау күніне орай, 5 мамырда «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы ZOOM форматында өткізген онлайн-кеңеске қатыстым.
Кездесудің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті кездесетін қиындықтарына назар аудару, сондай-ақ халықтың қолжетімді және инклюзивті орта құру қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру болды.
Талқылау аясында филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің және кең қауымның қатысуымен ақпараттық-танымдық іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді.