Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылы 8 мамыр күні сағат 11:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған қырық екінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрақтары:
- «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.