Мұражай – ұлтымыздың бұрынғысы мен бүгінгісін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына. Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. «АMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында, Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А. Д. Бралина өлке тарихы мен мәдениетінің рухани ордасы болып отырған, Жақсы ауданының шалғайдағы Терсақан ауылының негізгі орта мектебінде орналасқан өлкетану мұражайына барды. Мұражай қызметкері О.Л. Абакарова 1974 жылы мектеп директоры Садық Сұлтанұлы Сембаев ұйымдастырған мұражайдың ашылу тарихымен таныстырды. Қазіргі таңда мұражайда 200-ден астам экспонат бар, экспонатты толықтыру жұмыстары жалғасуда.