Бүгін ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды.
Сәкен Сейфоллаұлы 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды.
Сәкен алғашқылардың бірі болып Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (премьер-министр) қызметін атқарды. Кеңсе тілін қазақшаға ауыстырып, Жазушылар одағының негізін қалады.
Сәкен Сейфуллиннің шығармалары әлемнің көптеген тілінде жарық көрді.
Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.