Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Ешім ауылын кесіп өтетін жыра арнасының жай-күйін тексердім. Су тасқыны кезінде жыра арқылы үлкен су ағыны өтеді. Жырадағы су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары Жақсы-Жарқайың автожолына қызмет көрсететін "Арқа-К" ЖШС компаниясының өкілдерімен жүргізілді.