Жақсы аудандық мәслихатының депутаты Саутова Ақжарқын Сұлтанқызы Жаңа Қима ауылдық округінің әкімі Серікбаев Ерлан Әшімұлымен бірлесіп Алғабас ауылының көшелерін жарықтандыруды орнату мәселесін талқылады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба жарық деңгейін, кабельдерді тарту бойынша еңбек шығындарын есептеуді, жарықтандыру жабдықтарын орнатуды және тағыда басқа шығындарды қамтиды. Алдағы уақытта жобалық құжаттамаға сәйкес қаражат бөлу жөніндегі бюджеттік комиссияға өтінім берілетін болады.