2026 жылғы 12 тамызда Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезектен тыс 59-сессиясы өтті

2026 жылғы 12 тамызда Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезектен тыс 59-сессиясы өтті

2026 жылғы 12 тамызда Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған кезектен тыс 59-сессиясы өтті.

Сессия барысында күн тәртібіндегі 10 мәселе қаралып, барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, маңызды мәселелердің қатарында:

1. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-52-1 «Жақсы ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Жақсы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу, жер комиссиясының құрамын және ол туралы Ережені бекіту, сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.