
Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
2026 жылғы 12 тамызда Жақсы ауылында Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 3 маңызды мәселе қаралды.
1. Подгорное ауылында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану, сондай-ақ атқарушы органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылы туралы.
Аталған мәселе бойынша Подгорное ауылының әкімі Г.Қ.Мәжитова баяндама жасады.
2. Мәдениет және спорт салаларын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылу барысы және Орталық кітапхана жүйесінің жұмысы туралы.
Мәселе бойынша Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.С. Торткарина ақпарат берді.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.