
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 10 шілде күні сағат 10:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған елу жетінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз.
Сессияның негізгі сұрақтары:
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2026 жылға арналған Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы.