
Есіл қаласында мәслихаттар арасында спорттық жарыс өтті.
5 маусым күні Есіл қаласындағы «Энергетик» спорт кешенінде аудандық мәслихаттардың депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметшілері арасында дәстүрлі спорттық жарыстар өтті. Жарысқа Атбасар, Есіл, Жарқайың және Жақсы аудандарының командалары қатысты.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және аудандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қатысушылар волейбол, футзал, үстел теннисі және дойбы спорт түрлерінен өзара бақ сынады.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Барлық кездесулер достық және өзара құрмет жағдайында өтті.
Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша бірінші орынды Есіл ауданының командасы, екінші орын Жарқайың ауданының камандасы, ал үшінші орында Жақсы ауданының иеленді. Атбасар ауданының командасы белсенді қатысқаны және спорттық рухы үшін марапатталды.
Осындай спорттық шаралар аудандық мәслихаттардың депутаттары мен аппарат қызметшілері арасындағы әріптестік байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.