Жаңа конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Жақсы ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары - Н.Ж. Бекенов пен Т. Т. Жүнісов келді.

Тұрғындармен, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездесу барысында депутаттар Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, елді одан әрі дамыту, әділеттілік, заңдылық және мемлекеттік биліктің ашықтығы қағидаттарын нығайту үшін маңызы туралы кеңінен баяндады.
Азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, Парламенттің рөлін күшейту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы ашық диалогқа, жүргізіліп жатқан реформалар туралы бірыңғай түсінікті қалыптастыруға және азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді.