
Жақсы ауданында кәсіптік бағдар беру мәселесі талқыланды
Жақсы аудандық мәлихатының төрағасы А. Бралина Жақсы ауданының білім бөлімінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау және талапкерлерге кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан мектептерінде жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру шаралары, бітіруші түлектердің жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру, колледждермен және жергілікті кәсіпорындармен байланыс орнату мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтардың маңызы зор. Сондықтан оқушыларға ерте бастан дұрыс бағыт-бағдар беру – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізу, ата-аналармен және әлеуметтік серіктестермен бірлескен іс-шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Алдағы уақытта да жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.