
Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов облыстық мәслихат депутаттарымен, аудандық және қалалық мәслихат төрағаларымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен жаңа конституция жобасын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Бейбіт Айтымұлы жүргізіліп жатқан реформалар азаматтарға елді басқару үдерістеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаңа құжат Құрылтайдың өкілеттігін кеңейтеді. Жоғары консультативтік орган-халық кеңесін құру. Бұл өзгерістер биліктің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.Депутаттар жаңа заң жобасын толық қолдайтынын мәлімдеді және оны елдің болашағын қалыптастырудағы маңызды кезең ретінде бағалады.