Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті елу бірінші сессиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті елу бірінші сессиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті елу бірінші сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі, аудандық бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекітті. Осы сұрақ бойынша Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.С. Ибрагимова баяндама жасады.
Бюджет жобасын талқылау бойынша жарыссөзде аудандық мәслихаттың депутаты В.В. Витт сөз сөйледі.
Сондай-ақ, сессияда тағы да басқа сұрақтар қаралып және тиісті шешімдер қабылданды.