Ағымдағы жылдың 14 казанында Атбасар қаласында «Әйелдер көшбасшылығы: жеке дамудан – қоғамдық өзгерістерге» атты семинар өтті

Іс-шара «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының қызметі аясында ұйымдастырылып, әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға және әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге бағытталды.
Бағдарлама аясында «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Ахниетқызы Алимбетова Әйелдер қанатының қызмет бағыттарын таныстырып, әйелдер өміріндегі тәуелділіктердің жеке өмір мен денсаулыққа әсері жөнінде баяндама жасады.
Ақмола облысы Полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес инспекторы Айдана Арманқызы Қайратова әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шаралары мен жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы айтты.
Семинар барысында әр ауданнан келген қатысушылар өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісіп, әйелдердің қоғамдық және саяси өмірге қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар Отбасы қолдау орталығы мен Ілияс Есенберлин мұражайына барды. Онда олар әйелдер бастамаларын дамыту перспективаларын талқылап, өзара пікір алмасты.