қмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

қмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Халық алдында сөйлеген сөзінде өңір басшысы Ақмола облысының еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің орталығы болып табылатынын атап өтті. Жақсы ауданында биылғы жазғы егіс 517,2 мың гектар аумақта жүргізілді. Бұл облыстың жалпы егіс алқабының 10%-ын құрайды және барлық өңірлер арасында екінші көрсеткіш болып отыр.
Өңір басшысы әлеуметтік салада іске асырылып жатқан жобалармен де таныстырды: жаңа блокты-модульді қазандықтың орнатылуы, Калинин, Чапай, Ешім, Перекатное және Тарасов ауылдарындағы бес мектептің күрделі жөндеуі, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Қамқорлық» оңалту орталығының ашылуы, сондай-ақ биыл Кировское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталатыны атап өтілді.