Бүгін аудандық мәслихатының депутаты А. Бралина білім беру саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқу орындарының қазіргі жағдайы мен әрі қарай даму мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұстаздардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және оқушылар мен мұғалімдер үшін жайлы орта қалыптастыру сұрақтары көтерілді.