Кестеге сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының депутаты А. Әділбекова азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жұмысқа орналастыру, жолдарды жөндеу және тұрғын үйлерге кіреберіс жолдарды салу мәселелері көтерілді. Бір мәселе бойынша түсініктеме беріліп, екі мәселе оң шешімін тапты.