ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ



Ағымдағы жылдың 12 маусымында Жақсы ауылының «Көлеңкеден жарыққа: әйелдердің негативті және позитивті психологиясы» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Тренингті «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы»КММ-нің психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы психотерапевт, практик психолог, Шәріпова Гүлім Егінбайқызы жүргізді.

Іс-шараға Жақсы аудандық мәслихатының ұжымы және әр жастағы әйелдер қауымы қатысты.

Бұл тренингтің басты мақсаты – әйелдердің ішкі сын, өзін-өзі бағаламау, ұят пен қорқыныш сияқты жағымсыз психологиялық күйлерден арылуына көмектесу және олардың шынайы болмысын, әйелдік күшін, интуициясын, өзін-өзі сүю мен бағалауын қайта жаңғырту.

Аталған тренингте түрлі әсерлі, қызықты жаттығулар болды.