Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті, онда негізгі мәселелердің бірі «Аудан әкімінің өз функцияларын орындауы, және 2024 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру қорытындылары туралы есебі» болды. Баяндамамен аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Ахмедьянов сөз сөйледі.  

Сондай-ақ, енгізілген күн тәртібіне сәйкес аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, ауданды басқару сызбасын бекіту, консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша депутаттармен тиісті шешімдер қабылданды.