
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудан және ауылдық округтерінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Экономика және қаржы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшыларымен мәслихат депутаттарын қызықтырған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Талқылаудан кейін комиссия мүшелерімен тиісті ұсынымдар енгізіліп, сондай-ақ бюджетке ұсынылған өзгерістерді мәслихат сессиясында қарастыруға енгізу ұсынылды.