
Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, Ақмола облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Мұрат Рахимжанов, аудан активі қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту болды.
Ақпаратты тыңдау және талқылау қорытындысы бойынша депутаттармен өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, сессия барысында мәслихат депутаттарымен бірқатар басқа мәселелер қаралды, олардың ішінде ауданның Даму жоспарын бекіту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, аудан бюджетіне, аудандық ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу.