
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында Зеренді ауданының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттармен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Хайбар Айтолқынның, төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Қуанышбаевтың баяндамалары тыңдады.
Талқылаудан кейін комиссия мүшелерімен тиісті ұсыныстар енгізіліп, қаулылар қабылданды.