АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 11.00-де Зерендi аудандық мәслихатының  сегізінші шақырылымдағы қырық екінші кезектен тыс сессиясының өткiзiлетiнi туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселелер енгiзiледi:

  1. Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 38-287 «Зеренді ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Басқа мәселелер.

Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы Р. Ғабдуллина