АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 10.00-де Зерендi аудандық мәслихатының  сегізінші шақырылымдағы қырық бірінші кезектен тыс сессиясының өткiзiлетiнi туралы хабарлаймыз.

Сессияның қарауына келесi мәселелер енгiзiледi:

  1. Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 32-194 «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Зеренді ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөнінде» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-90 «Зеренді ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Басқа мәселелер.

Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы Р. Ғабдуллина