Алдағы кезеңге ауданның бюджеті бекітілді

Алдағы кезеңге ауданның бюджеті бекітілді

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, аудандық мекемелер мен ведомстолардың басшылары қатысты.

Депутаттар Зеренді ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетті, мәслихаттың өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын, аудандық мәслихат аппаратының 2026 жылға арналған құрылымы мен шығыстар сметасын қарастырып, бекітті.