Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынабасары Асхат Ахмедьянов, аудандық мекеме басшылары қатысты.

Сессия жұмысының басында мәслихат төрағасы Р.Ғабдуллина сессия қатысушыларына а.ж. 26 қазанда №12 сайлау округі бойынша (Қызылегіс, М.Ғабдулин, Қанай би, Исаковка ауылдық округтері) сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Баядилов Батырбек Бегайдарұлын таныстырды.

Б.Баядилов, 1977 жылы туған, Қарауыл Қанай би ауылының тумасы, білімі жоғары, орман шаруашылығы бакалавры. Кіші Түкті орман шаруашылығы мекемесінің директоры, Қазақстан Халық партиясының мүшесі.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттары аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, Арнайы салық тәртібі бойынша мөлшерлеме мөлшерін төмендету, ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту, сондай-ақ бірқатар аудандық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттарымен тиісті шешімдер қабылданды.