Зеренді ауданында Маңғыстау облысының делегациясы болды

Зеренді ауданында Маңғыстау облысының делегациясы болды

Ақмола облысына сапар аясында Маңғыстау облыстық мәслихатының делегациясы Зеренді ауданында болды.

Делегацияны Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов, аудандық мәслихаттың төрағасы Райхан Ғабдуллина, аудан әкімінің орынбасары Ермек Дәукенов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қайрат Ауғалиев қарсы алып, бірге болды.

Кездесу «Балқадиша» монументінде басталып, Маңғыстау облысының депутаттары белгілі әннің кейіпкерінің тарихымен танысты, ал мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Балқадиша» әні орындалды. Содан кейін делегация туристік нысан – «Зерен» шипажай-сауықтыру кешенінде, жаңадан салынған Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін аралады. Аталған нысандардың басшылары қонақтарды мекемелердің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарлар, өз салалары бойынша қолжеткізген жетістіктері туралы баяндады.