Азаматтарды қабылдау орталығында N9 сайлау округінің депутаты Е.Сағдиевпен, N10 сайлау округінің депутаты Р.Ғабдуллинамен және N11 сайлау округінің депутаты К.Б.Балмағамбетовамен Зеренді ауылдық округінің азаматтарын қабылдау өткізілді.
Қабылдау жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Исаханов, Зеренді ауылдық округінің әкімі мен бірқатар аудандық мекемелердің басшылары қатысты.
Аудан орталығының тұрғындары түрлі мәселелерді көтерді. Азамат И.Дудникпен көппәтерлі тұрғын үйде жылу беруді реттеу қажеттілігі туралы айтылып, оған осы бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы нақты мәліметтер берілді. Зеренді ауылының тұрғыны О.Николаеваға Степная көшесінде су өткізу құбырларын төсеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жеткізілді.
Сондай-ақ, ағаштарды сирету, сумен қамту мәселелері көтеріліп, оларға қатысты тиісті түсініктемелер берілді.