Кезекті сессия жұмысы

Кезекті сессия жұмысы

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен Зеренді аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті, онда туристік саланы дамыту, бюджетке өзгерістер енгізу, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу, кейбір ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу және басқа да бірқатар мәселелер қаралды. Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, аудан активі, қоғам өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеушілердің ақпаратын тыңдау және талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.