Тұрақты комиссиялардың отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Әсет Құрманғожин мен мәслихаттың төрағасы Райхан Ғабдуллинаның қатысуымен өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, Зеренді ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру, жылыту маусымына дайындық, халық арасында алдағы жылыту кезеңінде өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялармен тиісті ұсынымдар мен қаулылар енгізілді.