Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттары аудан және ауылдық окрутердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту, ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту, Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының  тізбесін айқындау, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы шешімге, бірқатар ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сессия жұмысының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттарымен тиісті шешімдер қабылданды.