Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтіп, онда аудан және ауылдық округтер бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Отырыстың жұмысына аудан әкімі Әсет Құрманғожин және аудандық мәслихаттың төрағасы Райхан Ғабдуллина қатысты.
Отырыс барысында аудан бюджетіне ұсынылған түзетулер егжей-тегжейлі түсіндіріліп, мәслихат депутаттарын қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Талқылаудан кейін комиссия мүшелерімен тиісті ұсыныстар қабылданып, бюджетке енгізілетін өзгерістерді мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылды.