Ауданның бюджетін және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен Ұзынкөл ауданының Қоғамдық кеңесінің біріккен отырысы өтті.

Ауданның бюджетін және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен Ұзынкөл ауданының  Қоғамдық кеңесінің  біріккен отырысы өтті.

 

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Э.Б.Алмаганбетованың  төрайымдылығымен  ауданның бюджетін және экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен Ұзынкөл ауданының  Қоғамдық кеңесінің  біріккен отырысы өтті.

    Күн тәртібінде 2024 жылғы аудан, (4 - деңгей) ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылу барысы туралы мәселелер қаралды.

    Отырыс жұмысына аудандық мәслихаттың  төрағасы Н.С. Болатов, Ұзынкөл ауданы комиссиясының және Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қаржы бөлімінің басшысы, Троебратское, Киров, Пресногорьков ауылдық округтерінің әкімдері және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

     Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қаржы бөлімі басшысының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдалды . Баяндамашылар өз сөзінде 2024 жылға арналған бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы және есепті кезеңге арналған бюджет қаражатының бос қалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  Депутаттардың, кеңес мүшелерінің көптеген сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынымдар берілді.

     Комиссияның бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын бекітуге енгізілді.