Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ұзынкөл аудандық мәслихатының төрағасы Н. С. Болатов пен депутаттар Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің басшысы С.Т. Айтпаевамен ZOOM-конференция форматында өткен отырысқа қатысты. Отырыс аясында «Ұзынкөл ауданының білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселесі қаралды. Депутаттар білім бөлімінің басшысына бірқатар маңызды сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.