Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Булатовтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Қоғамдық кеңестің төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Сессия Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция жүргізілді. Сессияда барлығы 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібінде "Ұзынкөл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" негізгі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндамашы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.В. Лагушина болды, ол депутаттарды үш жылдық бюджеттің, келесі жылдың жоспарланған кірістері мен шығыстарының параметрлері туралы хабардар етті. Бюджет параметрлері орта мерзімді кезеңге арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде айқындалды. Салалар бойынша бюджет шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес жоспарланған.
Сессияның негізгі баяндамасында ауданның бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Э.Б. Алмағанбетова сөз сөйледі.
Отырыс барысында мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарын, мәслихаттың келесі кезекті 4-сессиясының күн тәртібін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Барлық мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралғанын атап өткен жөн.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.