
Ұзынкөл ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы Ұзынкөл аудандық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ұзынкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 мамырдағы №16 «Ұзынкөл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» қаулысы негізінде Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге, аудандық мәслихаттың жұмыс тобына №752,№754,№762,№765,№772 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларды, саяси партиялар органдары отырысының хаттамаларынан көшірмелерін, саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеу құжаттарының көшірмелерін, кандидаттардың өмірбаянын және олардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі беруі туралы мәліметтерін 2026 жылдың 9 маусымға сағат 18.00–ге дейін тапсыруды ұсынады.
Анықтама үшін телефон: 8(71444) 2-10-73.
Мекен - жайы: Ұзынкөл с., Ғ.Мүсірепов көш. 14, № 210 каб.
Ұзынкөл аудандық
мәслихатының төрағасы Н.Болатов