ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 8 мамырында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты қайта бөлу және бюджет қаражатын бірінші кезектегі шығыстарға жіберу туралы хабардар етті.  Депутаттардың барлық сұрақтарына негізделген жауаптар берілді. Отырыс барысында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселе қаралды. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.