Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың   тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Э.Б.Алмаганбетованың төрайымдылығымен  Ұзынкөл аудандық мәслихатының бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі мәслихат шешімдерінің жобаларын алдын ала қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. 

    Отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі: Ұзынкөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауданының, ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау туралы болды.

    Отырыс жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

    Күн тәртібі мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы баяндама жасады. Аудан, (4-деңгей) ауыл және ауылдық округ бюджеттерін нақтылаудың негізгі себебі ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты бөлу және жоспарланған шығыстарды қайта бөлу болып табылады. Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынды. 

     Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан, (4-деңгей) ауыл және ауылдық округ бюджеттерін нақтылау туралы мәселе аудандық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізілді.