
Бүгін, ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі депутаттардың тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінің өзгеру себептері туралы. Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер берілді.
Отырыс барысында шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау мәселесі де қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.