Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17 наурызында депутат Э.Б. Алмаганбетованың төрайымдылығымен  тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп комиссияда «Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы», «Жастар саясатын іске асырудың тиімділігі және Ұзынкөл ауданының Жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы» мәселелер қаралды.

     Отырыс жұмысына: аудандық мәслихат төрағасы Н.С.Болатов,  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ю.А.Заскалько, ішкі саясат бөлімінің басшысы                                          Д.А. Алимбаева,  Ұзынкөл ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ч.Х.Куатқанов және аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

     Аталған мәселелер бойынша кәсіпкерлік бөлімі басшысының және Жастар ресурстық орталығы басшысының ақпараты тыңдалды.

     Тұрақты комиссиялардың төрайымдары қатысушыларды осы мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қорытындылармен таныстырды.

     Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдармен комиссиялардың қаулылары қабылданды. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына осы мәселелерді жеке бақылауда ұстау ұсынылды.