Депутаттық сағат

Депутаттық сағат

Ағымдағы  жылдың 29 желтоқсанында онлайн режимінде Н.С. Болатовтың  төрағалығымен «Депутаттық сағат» өтті. Отырысқа депутаттар, Ұзынкөл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің бас маманы С.Б. Бектымбаева, сондай-ақ аудандық  мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
    Талқылаудың басты тақырыбы Ұзынкөл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері болды.
     Өз сөзінде С.Б.Бектымбаева аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап, депутаттардың қойған сұрақтарына жауап берді.