
Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Н.С.Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына депутаттар, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. В.Лагушина және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
«Ұзынкөл ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды. Өз сөзінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды (4-деңгей) бюджеттердің кіріс және шығыс бөлігінің көзделген қаражаты, облыстық және аудандық бюджеттерден бөлінген трансферттер туралы хабардар етті. Негізгі шығындар көшелерді жарықтандыруға, елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға, жолдарды ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға бағытталған. Депутаттардың барлық сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.