
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Н.С.Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті, оның барысында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы негізгі мәселе қаралды.
Сессия жұмысына Ұзынкөл ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрайымы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Сессия Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция жүргізілді.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.В. Лагушина баяндама жасады, депутаттарды алдағы қаржы жылына арналған кірістер мен шығыстардың жоспарланатын көлемін қоса алғанда, үш жылдық бюджеттің параметрлерімен таныстырды. Салалар бойынша бюджет шығыстары ауданның даму басымдықтарын ескере отырып және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде жоспарланған.
Сессияның негізгі баяндамасында ауданның бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Э. Б. Алмаганбетова сөз сөйледі.
Отырыс барысында депутаттар ауданның бес жылдық даму жоспарын және мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарын бекітті.
Сессия жұмысын қорытындылай келе, мәслихат төрағасы жыл бойына белсенді қатысқандары және жемісті жұмыстары үшін депутаттарға алғысын білдірді.