Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Н.С. Болатовтың төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

    Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. 

      Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды облыстық бюджеттен ағымдағы трансферттерді бөлуге, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлуге және қаражатты бірінші кезектегі шығыстарды қаржыландыруға бағыттауға байланысты аудандық бюджетке өзгерістер енгізу себептері туралы хабардар етті. Депутаттардың барлық сұрақтарына негізделген жауаптар берілді.

   Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдады.