Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия өтті

Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия өтті

     Бүгін, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Н. С. Болатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ZOOM режимінде өтті.

    Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. В. Лагушина және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

      Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды бірінші кезектегі шығыстарды қаржыландыруға бюджет қаражатының қалыптасқан үнемдеуін қайта бөлуге байланысты ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне (4-деңгейдегі) өзгерістер енгізу себептері, сондай-ақ салық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштерді түзету қажеттілігі туралы хабардар етті. Талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.

   Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдады.