
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Э.Б. Алмаганбетованың төрайымдылығымен аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі: 2025-2027 жылдарға арналған ауданның, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы депутаттарды қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлуге және қаражатты бірінші кезектегі шығыстарға бағыттауға, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлы көрсеткіштерді нақтылау қажеттілігіне байланысты ауданның, ауылдардың және ауылдық округтердің (4-деңгейдегі) бюджеттеріне өзгерістер енгізу себептері туралы хабардар етті. Талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, оларға негізделген жауаптар берілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселе аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді.