Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия өтті

Ұзынкөл аудандық мәслихатының  кезектен тыс сессия өтті

     Ағымдағы    жылдың 21 қазанында     аудандық   мәслихат    төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

   Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.В. Лагушина және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.В. Лагушина депутаттарды қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу және бюджет қаражатын бірінші кезектегі шығыстарға бағыттау туралы хабардар етті. Депутаттардың барлық сұрақтарына толық және негізделген түсініктемелер берілді.

     Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан  қолдады.