
Бүгін, ағымдағы жылдың 21 қазанында аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.В. Лагушина және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды. Ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерін нақтылаудың негізгі себебі (4-деңгей) ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты бөлу және басым бағыттарды ескере отырып, жоспарланған шығыстарды қайта бөлу қажеттілігі болып табылады.
Отырыс барысында жер ресурстарын тиімді бөлуге бағытталған жайылымдарды басқару және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілді.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.