
Ағымдағы жылдың 20 қазанында Э.Б.Алмағанбетованың төрайымдылығымен аудандық мәслихаттың бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі: 2025-2027 жылдарға арналған ауданының, ауылдарының және ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау туралы.
Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Пресногорьков ауылдық округінің әкімі және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібі мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Пресногорьков ауылдық округінің әкімі негізгі баяндамашылар болды. Ауданның, ауылдардың және ауылдық округтердің (4-деңгей) бюджеттерін нақтылаудың негізгі себебі ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықты бөлу, сондай-ақ жоспарланған шығыстарды қайта бөлу қажеттілігі болып табылады. Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, оларға негізделген жауаптар берілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аталған мәселе депутаттардың айтқан ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді.